Қазақстандық теннисші Испаниядағы турнирдің жұптық сынында финалға шыға алмады

Қазақстандық теннисші Испаниядағы турнирдің жұптық сынында финалға шыға алмады

Қазақстандық теннисші Анна Данилина ресейлік теннисші Ирина Хромачевамен жұптасып, Испанияның Вике қаласында өтіп жатқан турнирдің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда Данилина мен Хромачева канадалық Бьянка Андрееску мен индонезиялық Алдила Сутджиади жұбымен кездесіп, 6:7, 6:4, 5:10 есебімен қарсыластарына жол берді.

Матч 1 сағат 47 минутқа созылды.

Осылайша, Андрееску мен Сутджиади финалға шықты және онда канадалық Лейла Фернандес пен жаңазеландиялық Лулу Санмен күш сынасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или