«Астана» шабандозы «Эшборн-Франкфурт» біркүндік веложарысында 17-орын алды
Бүгін Германияда «Эшборн-Франкфурт» біркүндік веложарысы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарыс жеңімпазы Jayco AlUla командасының аустралиялық өкілі Майкл Мэттьюс атанды. Екінші орынды Uno-X Mobility командасынан даниялық шабандоз Магнус Корт иеленді, ал үздік үштікті Movistar командасынан испан велошабандозы Йон Барренечеа түйіндеді.
«Астана» сапында ең үздік нәтижені Симоне Веласко көрсетті. Ол мәреге 17-болып жетті. Хенок Мулюбырхан 50-орын, Макс Кантер — 77-орын, Майк Тёниссен — 79-орын, Алессандро Ромеле — 81-орын алды. Ал Кейс Бол мен Хаоюй Су жарысты мерзімінен бұрын аяқтады.
«Эшборн-Франкфурт». Eschborn — Frankfurt am Main. 198,7 шақырым
1. Майкл Мэттьюс (Аустралия, Jayco AlUla) — 4:38:33
2. Магнус Корт (Дания, Uno-X Mobility)
3. Йон Барренечеа (Испания, Movistar)
17. Симоне Веласко (Италия, «Астана»)
50. Хенок Мулюбырхан (Эритрея, «Астана») — +5:16
77. Макс Кантер (Германия, «Астана») — +16:33
79. Майк Тёниссен (Нидерланд, «Астана»)
81. Алессандро Ромеле (Италия, «Астана»).