Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Тайланд өкілі Вишайя Тронгчароенчайкулмен жұптасып, Қытайда өтіп жатқан ITF M25 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ломакин мен Тронгчароенчайкул 1/8 финалда жергілікті спортшылар Динжен Нима мен - Женгу Сунды жеңді.
Матч 6:4, 6:4 есебімен аяқталды.
Ширек финалда да Вишайя мен Григорий қытайлық Ксируй Хань мен Вейтао Сюйден 6:2, 6:4 есебімен басым түсті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или