Әлихан Әсетов Қазақстан және Ресей 25 құрамалары кездесуінде үздік ойыншы атанды

Әлихан Әсетов Қазақстан және Ресей 25 құрамалары кездесуінде үздік ойыншы атанды

Қазақстандық Әлихан Әсетов шайбалы хоккейден халықаралық Qazaqstan Hockey Open турнирінде Қазақстан және Ресей 25 құрамалары кездесуінде үздік ойыншы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл матчта қазақстандық хоккейшілер қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді. Ойын барысында ел құрамасынан Әлихан Әсетов қарсылас қақпасына соғылған жалғыз шайбаның авторы атанды. 

Енді отандастарымыз алдағы ойынын 3 мамырда Беларуське қарсы өткізеді.

Ертең, 2 мамырда Ресей 25 және Беларусь құрамалары шеберлік байқасады.

Халықаралық турнирге қатысушылар топтық жүйе бойынша сайысқа түседі. Көп ұпай жинаған құрама турнирдің жеңімпазы атанады.

Бұл Қазақстан құрамасының 2025 жылғы әлем чемпионаты алдындағы дайындығы аясында өткізіліп жатыр. 

Қазақстандық хоккейшілер В тобында ойнайды. Қарсыластары — Финляндия, Чехия, АҚШ, Германия, Дания, Норвегия және Венгрия.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или