Қазақстан құрамасы Ресей жастарынан ірі есеппен жеңілді

Бүгін елордадағы «Астана-Аренада» хоккейден ұлттық құрамалар арасында жолдастық матч өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан құрамасы өз айдынында Ресейдің жастар құрамасынан (U-25) ірі есеппен жеңілді — 1:4 (0:2, 0:2, 1:0).
Жалғыз шайбаны ресейліктер қазақстандықтарға есеп 0:4 болғанда ғана соғуға мүмкіндік берді. 47-минутта құрамдар тең болған сәтте Әлихан Әсетов көзге түсіп, Лихотников пен Гайтамиров ұйымдастырған комбинацияны сәтті аяқтады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или