Хулен Лопетеги Катар құрамасының бас бапкері атанды

Испаниялық маман Хулен Лопетеги Катар ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Ел футбол федерациясының хабарлауынша, 58 жастағы жаттықтырушымен келісімшарт 2027 жылға дейін жасалған.
Лопетеги бұған дейін «Реал», «Севилья» секілді испандық клубтарда, сондай-ақ ағылшынның «Вест Хэм» және «Вулверхэмптон» командаларында бас бапкер болды. Сонымен қатар Испания құрамасын да жаттықтырған.
Енді Лопетеги басшылығындағы Катар құрамасы алдағы халықаралық жарыстарға, оның ішінде әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындықты бастайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или