Душанбедегі Grand Slam додасында қазақстандық балуандардың қарсыластары анықталды

Душанбедегі Grand Slam додасында қазақстандық балуандардың қарсыластары анықталды


2 мамыр күні Тәжікстан астанасы Душанбеде дзюдодан «Үлкен дулыға» турнирі басталады. Бұл додада Қазақстан құрамасы да бақ сынайды. Құрама сапына Азия чемпионатын жіберіп алған Әбиба Әбужақынова да қайта қосылды.

Бүгін өткен жеребе қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар іріктеу кезеңіндегі алғашқы қарсыластарын білді. 60 келіде Алдияр Қарғұлов өзбекстандық Анваржон Иброхимовпен белдессе, 66 келіде Нұрмұхаммет Ботабай Қытай спортшысы Дэнг Сумен кездеседі.

73 келіде Ансарбек Ғайнуллин қытайлық Жанлонг Гоумен татамиге шықса, дәл осы салмақта Ықылас Әлсейт түрікменстандық Мейлис Шамұрадовпен күш сынасады. 81 келіде Досхан Жолжақсынов тағы бір түрікмен балуаны Ильхам Сойүнжовпен жолығады. 100 келіде Ермұхан Естай тәжікстандық Кароматулло Хакимовпен белдеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или