Англияда трансгендер әйелдер әйелдер лигасына қатыса алмайды

Англияда трансгендер әйелдер әйелдер лигасына қатыса алмайды


Англия футбол қауымдастығы (FA) 2025 жылдың 1 маусымынан бастап трансгендер әйелдердің әйелдер командаларында ойнауына тыйым салатынын мәлімдеді. 

Бұл шешім 16 сәуірде Ұлыбритания Жоғарғы соты шығарған үкімнен кейін қабылданды. Соттың шешіміне сәйкес, әйел деп тек биологиялық тұрғыда әйел болып туған адам саналады.

FA мәлімдемесінде жаңа саясаттың заң талаптары мен УЕФА және ФИФА бекіткен халықаралық стандарттарға сай қабылданғаны айтылған.

«Біз футболдың бәріне қолжетімді болғанын қалаймыз, бірақ заң мен ғылыми ережелерді ескеруге міндеттіміз. Бұған дейін трансгендер әйелдер әйелдер матчтарына қатыса алатын. Алайда соттың шешімінен соң ережелерімізді қайта қарауға тура келді. Қазір тіркелген трансгендер ойыншылармен сөйлесіп, алдағы жоспарларды талқылап жатырмыз», – делінген қауымдастық хабарламасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или