«Кызылжардың» бас бапкері ресейлік ойыншыларды көбірек тартпақ

«Кызылжардың» бас бапкері ресейлік ойыншыларды көбірек тартпақ


«Кызылжардың» бас бапкері Милич Чурчич «РБ Спорт» басылымына берген сұхбатында команда құрамында ресейлік футболшылар көбейгенін қалайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Командамен жұмысымды енді ғана бастадым. Екі жеңіспен бастауымыз жақсы болды. Бұл нәтижелер бізге ауадай қажет еді, өйткені команда турнир кестесінде тым төмен тұрды. Психологиялық тұрғыдан бұл біз үшін өте маңызды, әсіресе алғашқы матч. Себебі «Кызылжар» «Атыраудың» алаңында 18 жыл жеңіске жетпеген еді, ал біз соңғы минутта жеңіс голын соқтық. Футболшылар өздеріне сенім артты. Әзірге тек бастау кезеңіндеміз, бірақ селекция жоспарын қарап шықтық. Маусым-шілде айына дейін құрам өзгермейді, содан кейін көреміз. Мен «Кызылжарда» ресейлік ойыншылардың көп болғанын қалар едім – олардың менталитеті қазақ футболшыларымен ұқсас, мұнда тез үйренісіп кетеді. Болашақта командада ресейліктер көбірек болады деп үміттенемін», – деді Чурчич.

44 жастағы сербиялық маман бұған дейін «Пролетер», «Бродарац», «Тобол» командаларын жаттықтырған, Иранның «Зоб Ахан» және Беларусьтің «Шахтер» (Солигорск) клубтарында бас бапкердің міндетін атқарған. 2025 жылдың 13 сәуірінде Александр Бразевич қызметінен кеткеннен кейін «Кызылжардың» тізгінін қолға алған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или