«Тобылдың» бұрынғы бапкері Қырғызстан құрамасын жаттықтырады

Қырғызстан U-23 құрамасын бразилия-украиналық жаттықтырушы Эдмар Галовский (Ласерда) басқарады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы Қырғызстан футбол одағының баспасөз қызметі хабарлады.
Республиканың олимпиадалық құрамасының жаттықтырушысы ретінде Эдмар қазіргі таңда Қырғызстан құрамасын жаттықтырып жүрген ресейлік маман Максим Лисицынның орнына келді.
Айта кетейік, биылғы күзде Олимпиадалық құрама 23 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы 2026 жылғы Азия кубогы іріктеу кезеңіне қатысады.
Сан-Паулу тумасы Қазақстан Премьер-Лигасында 2024 жылдың шілдесі мен желтоқсаны аралығында «Тобылдың» бас бапкері Нұрбол Жұмасқалиевтің көмекшісі болып жұмыс істеді. Оның жетекшілігімен команда 17 ойын өткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или