«Қазақ жауынгері» келесі жекпе-жегін өткізу үшін Таиландқа аттанды

«Қазақ жауынгері» лақап атымен танымал боксшы Елшат Нығметолла (21-0-1, 8 КО) мен Армат Арманұлы (2-1, 1 КО) 3 мамыр күні Таиландта өтетін келесі жекпе-жегіне аттанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы боксшылардың промоутерлік компаниясы Irfin Promotions хабарлады.
Айта кетейік, екі спортшы да Бангкоктағы бокс кешіне қатысады. Елшаттың қарсыласы намибиялық боксшы Филлемон Нгутенанье (12-0-1, 4 КО) болады. Нығметолланың WBA Asia тұжырымы бойынша жеңіл салмақтағы титулы сарапқа салынады.
Армат Арманұлына келсек, ол үндістандық Рахул Сингхпен (10-1, 5 КО) кездеседі. Жекпе-жек орта салмақта өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или