Роналдудың клубы биыл да трофейсіз қалды

Азия Чемпиондар лигасының барлық финалистері белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Криштиану Роналду өнер көрсететін саудиялық «Әл-Наср» клубы Азия Чемпиондар лигасының жартылай финалында Жапонияның «Кавасаки» клубына 2:3 есебімен есе жіберді. Осылайша Роналду бастаған клуб биыл да трофейсіз қалатын секілді.
Ал «Кавасаки» 3 мамыр күні АЧЛ финалында «Әл-Ахлимен» күш сынасады. «Әл-Ахли» болса жартылай финалда «Әл-Хиләлден» (1-3) басым түскен еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или