Бокстан қазақстандық жасөспірімдер Азия чемпионатында 16 алтын еншіледі

Бокстан қазақстандық жасөспірімдер Азия чемпионатында 16 алтын еншіледі

Бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Иордания астанасы Аммандағы жарыстың соңғы күні 17 жасқа дейінгі жас өрендер арасында жеңімпаздар анықталды.

Қазақстан құрамасы 15 және 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер көрсеткіші бойынша (ұлдар-қыздар құрамын қоса алғанда) жалпы есепте бірінші орын алды.

Жас өрендеріміз жалпы саны 16 алтын, 15 күміс, 13 қола медаль жеңіп алды. Осылайша Азияның алды болды.

Сондай-ақ, аталған турнирде қазақстандық боксшы Досжан Жұмақан Азия чемпионатының үздік боксшысы деп танылды.

Айта кетейік, бұл — жаңадан құрылған World Boxing ұйымының 15 және 17 жастағы өрендерге арналған алғашқы құрлықтық жарысы.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или