Қазақстандық футзалшы Сауд Арабиясының чемпионы атанды

Қазақстандық футзалшы Сауд Арабиясының чемпионы атанды

Қазақстан ұлттық құрамасының негізгі ойыншысы Дуглас Жуниор Сауд Арабиясының футзал чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол бұл жетістікке «Әл-Ула» командасының құрамында қол жеткізді. Дуглас Жуниор 2024 жылдың қазан айында алматылық АФК «Қайрат» клубынан «Әл-Улаға» ауысты. Бұл трансферден «Қайрат» шамамен 120 мың АҚШ доллары табыс тапты (шамамен 57 миллион теңге).

Айта кетейік, Дуглас Жуниор Қазақстан құрамасында 2015 жылдан бері ойнап келеді және команданың көшбасшысы саналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или