Уақыты өзгерген ойында «Астана» «Атырауды» жеңді

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 18-туры аясындағы «Атырау» - «Астана» матчы мерзімінен бұрын өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Атырау қаласындағы «Мұнайшы» стадионында өткен матчта елордалықтар 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Голдар: 36’ Грипши (п), 71’ Томасов.
Бұл матч жоспар бойынша жазда өтуі керек еді. Бірақ ол кезде елордалық клуб еурокубокта ойнайтындықтан, мерзімінен бұрын өтті.
Осылайша елордалықтар «Атырауды» жеңіп, ұпай санын «Қайратпен» теңестірді. Қос ұжымда да жеті матчтан кейін 17 ұпай бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или