ҚХЛ жаңа маусымы қашан басталады?

Құрлықтық хоккей лигасы келесі чемпионаттың басталу күнін анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
2025/2026 маусымы 2025 жылы 5 қыркүйекте Ашылу кубогы матчымен басталады, онда осы маусымның плей-офф финалистері кездеседі. Ойын 2025 жылғы Гагарин кубогының иегерінің айдынында өтеді.
2025/2026 маусымының толық құрылымы мен өткізу мерзімдері маусым айында жарияланады.
Естеріңізге сала кетейік, осы маусымда Гагарин кубогының финалистері «Локомотив» — «Салават Юлаев» (сериядағы есеп 1-1) және «Трактор» — «Динамо» Москва (1-0) жұптарында анықталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или