Қазақстан құрамасының көшбасшысы «Әл-Наср» қақпасына екі гол соғып, чемпион атанды

Қазақстан құрамасының көшбасшысы «Әл-Наср» қақпасына екі гол соғып, чемпион атанды

Сауд Арабиясының «Әл-Ула» клубы ел чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл клуб сапында Қазақстан футзал құрамасының көшбасшысы Дуглас Жуниор өнер көрсетеді.

Финалдық матчта «Әл-Ула» «Әл-Наср» командасын 5:3 есебімен жеңді. Бұл ойында Дуглас екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Еске сала кетейік, Дуглас 2024 жылдың қазан айында «Әл-Ула» клубына ауысқан болатын. Оның трансферінен алматылық «Қайрат» шамамен 120 мың доллар (шамамен 57 миллион теңге) пайда көрді.

Ол 2014–2024 жылдар аралығында «Қайрат» сапында өнер көрсетті. 2015 жылдан бастап Дуглас Қазақстан құрамасында ойнап келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или