Бокстан Қазақстан U15 құрамасы Азия чемпионатында 23 жүлде еншіледі

Бокстан Қазақстан U15 құрамасы Азия чемпионатында 23 жүлде еншіледі

Амманда (Иордания) 15 жасқа дейінгі боксшылар арасында Азия чемпиондары анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport+ сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан U15 ұлдар командасының еншісінде 4 алтын: 33 келі. Дамир Джаншиликов, 49 келі. Шыңғыс Ахметов, 55 кг Нұрбақыт Төрегелді, +70 келі. Нұрислам Ташмағанбетов, 5 күміс: 37 келі. Жақып Біржан, 40 келі. Қуаныш Халимбет, 58 келі. Жандос Қалқанов, 67 келі. Нұрасыл Хасан, 70 келі. Темірлан Казыев, 1 қола: 64 келі. Мейіржан Шәді.

U15 қыздар командасының нәтижесі төмендегідей:

64 келі. Ақерке Далабай мен 70 келі. Жансая Ержан Азия чемпионы атанды. 8 спортшы күміс жүлдеге ие болды: 33 келі. Айару Оңғарбек, 35 келі. Әнел Ордабек, 40 келі. Томирис Сатыбалды, 46 келі. Медина Абылқасым, 55 келі. Мадина Сапар, 61 келі. Айлин Ходжамбердиева, 67 келі. Зиада Сүйеналы, +70 келі. Перизат Мәлік. Сонымен қатар, қыздардың қоржынында 3 қола медаль бар: 37 келі. Дана Оразбекқызы, 52 келі. Айару Файзуллаева, 58 келі. Ясмин Джаутханова.

Бүгін, 30 сәуір шаршы алаңға 17 жасқа дейінгі спортшылар шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или