Қазақстан әртістік жүзуден Канадада өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысады

Қазақстан әртістік жүзуден Канадада өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысады

Канаданың Маркхэм қаласында әртістік жүзуден Әлем кубогының кезекті кезеңі өтеді. Аталмыш жарысқа Қазақстан құрамасы қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл додада ел намысын 18 спортшы қорғайды. Канадада Эдуард Ким, Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Даяна Джаманчалова, Ксения Макарова, Полина Мерзлякова, Арина Пушкина, Алдияр Рамазанов, Анна Павлецова, Арина Мясникова, Ясмина Исламова, Әйгерім Құрманғалиева, Карина Магрупова, Артур Майданов, Валерия Столбунова, Ясмин Тұяқова, Жаклин Якимова және Жәния Жиенғазы өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Әлем кубогы 1-3 мамыр аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или