Анчелотти Бразилия құрамасынан бас тартып, Сауд Арабиясының клубын қарастыруда

Италиялық бапкер Карло Анчелотти Бразилия құрамасының тізгінін ұстаудан ресми түрде бас тартты. Бұл туралы Marca басылымы хабарлады. Бұған дейін екі тараптың арасында келісімге келгені айтылған болатын.
Анчелотти бұл шешімін Бразилия футбол конфедерациясының президенті Эдналдо Родригеске жеке жеткізіп, көрсетілген сенім үшін алғыс білдірді. Қазіргі уақытта ол Сауд Арабиясындағы клубтан түскен тиімді ұсынысты қарастыруда.
Алғашында келісімшарт Лондонда немесе Мадридте жасалуы тиіс болған. Алайда Анчелотти соңғы сәтте ойынан айнып, бразилиялық тарапты тосылдырды. Журналистердің дерегінше, Анчелотти маусымда емес, тек тамызда жұмысқа кірісе алатынын агенттеріне хабарлаған. Енді ол Клубтық әлем чемпионатына дейін «Реалда» қалуы мүмкін, ал оның орнына басты үміткер ретінде Хаби Алонсо қарастырылып жатыр.