«Атырау» – «Астана» ойынына төрешілер тағайындалды

Қазақстан футбол федерациясының төрешілік және инспекторлық департаменті Премьер-лиганың 18-турындағы «Атырау» – «Астана» арасындағы кейінге шегерілген ойынға төрешілер құрамын бекітті. Кездесу 30 сәуірде өтеді.
Бас төреші қызметін Көкшетаудан келген Данил Горда атқарады. Қапталдағы көмекшілері — Алишер Мынбаев (Қаратау) пен Амангелді Жүсіпов (Тараз). VAR жүйесіне Антон Кучма жауапты болса, AVAR ретінде Дмитрий Филоненко (Тараз) жұмыс істейді.
Резервтік төреші ретінде Руслан Сұлтанғалиев (Атырау) белгіленген. Ал кездесудің инспекторы — Түркістан облысынан Құрманбек Ордабаев.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или