Әлемнің үздік шабуылшыларының бірі Қазақстанға қарсы ойнайды

Әлемнің үздік шабуылшыларының бірі Қазақстанға қарсы ойнайды


«Бостон Брюинз» клубының шабуылшысы әрі Чехия құрамасының көшбасшысы Давид Пастрняк 9–25 мамыр аралығында Швеция мен Данияда өтетін әлем чемпионатына қатысады. Бұл туралы Чехия хоккей федерациясы мәлімдеді.

НХЛ-дың биылғы маусымында Пастрняк 82 ойында 106 ұпай (43 гол, 63 пас) жинады. Жалпы, ол лигада 756 матч өткізіп, 833 ұпай (391+442) еншілеген.

Чехия құрамасы топтық кезеңде Қазақстанмен бірге Норвегия, Германия, Венгрия, Дания, АҚШ және Швейцария командаларымен ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или