Чемпиондар лигасы: «Пари Сен-Жермен» «Арсеналды» алғаш рет жеңді

UEFA Чемпиондар лигасы жартылай финалындағы алғашқы ойынында англиялық «Арсенал» Францияның «Пари Сен-Жермен» клубына есе жіберді.
Екі команда бұған дейін төрт мәрте кездескен еді. Оның екеуінде англиялық клуб жеңіске жетсе, қалғанына тең нәтиже тіркелді. Бұл жолы франциялық команданың жолы болды.
Ойынның 4-минутында олардың қатарынан Усман Дембеле мергендік танытты.
Екінші кезеңде 47-минутта «Арсенал» сапынан Микель Мерино таразы басын теңестірді. Бас төреші Славко Винчич VAR қарағаннан кейін оны офсайдтан соғылған деген шешім шығарды.
Осылайша англиялық клуб қарсыласына 0:1 есебімен жеңіліп қалды.
Енді қарымта ойын 7 мамырға белгіленген.
Жарыстың аталған сатысында бүгін, 30 сәуірде «Интер» (Италия) мен «Барселона» (Испания) шеберлік байқасады.