Қазақстан Республикасы Спорт министрлігі жаңа тағайындау туралы хабарлады

Руслан Серғазин Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
Руслан Серғазин 1989 жылы 8 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылында дүниеге келген.
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген: 2011 жылы – «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, 2014 жылы – «құқықтану» мамандығы бойынша.
Еңбек жолын 2012 жылы Шығыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасы қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы болып бастады.
Осы жылдар ішінде мемлекеттік басқару жүйесінде және дене шынықтыру және спорт саласында қызмет атқарған:
— Шығыс Қазақстан облысы әкімдіктерінде бас маман және басқарма басшысы;
- Ұлан ауданы ауылдық округінің әкімі;
— Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы;
— Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының әкімшілік-қаржылық бөлімінің басшысы;
— Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің, одан кейін Туризм және спорт министрлігінің Спорттық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы.