Мадридтік «Реал» жұлдызды шабуылшысын сатуға дайын

Мадридтік «Реал» лайықты ұсыныс түссе, келесі жазда 24 жастағы вингер Родриго Гоеспен қоштасуға дайын, деп хабарлайды Prosports.kz.
Клуб басшылығы осы маусымда бразилиялық футболшы жеткілікті ойын уақытын алғанын, бірақ одан күткен деңгейді көрсете алмағанын атап өтті.
Осы маусымда Родриго барлық жарыстарда 50 матч өткізіп, 13 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді. Ойыншының клубпен қазіргі еңбек келісімі 2028 жылдың жазына дейін. Transfermarkt порталында берілген ақпаратқа сәйкес, футболшының нарықтағы құны 100 миллион еуроны құрайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или