Александр Бублик Мадридтегі турнирдің ширек финалына шыға алмады

Александр Бублик Мадридтегі турнирдің ширек финалына шыға алмады

Александр Бублик (75) Mutua Madrid Open ATP Masters 1000 1/8 финалынан аса алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші 19 жастағы чехиялық теннисші Якуб Меншикке 0:2 (3:6, 2:6) есебімен есе жіберді. Матч небәрі 56 минутқа созылды.

Александр Бублик бұған дейін ресейлік Андрей Рублевті (8-орын) 6:4, 0:6, 6:4 есебімен тізе бүктіріп, үлкен сенсация жасаған еді.

Айта кетейік, турнирдің жалпы жүлде қоры 8 055 385 долларды құрайды. 




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или