Қазақстандық спортшы қазіргі бессайыстан Әлем кубогы кезеңінің жартылай финалында сүрінді

Қазақстандық спортшы қазіргі бессайыстан Әлем кубогы кезеңінің жартылай финалында сүрінді

Будапештте (Венгрия) қазіргі бессайыстан Әлем кубогының кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы сапында ең үздік нәтижеге Темірлан Әбдраимов қол жеткізді. Ол іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, жартылай финалға жолдама алды.

Жартылай финалда Әбдраимов 17-орынмен мәреге жетті. Алайда финалға шыға алмады.

Сондай-ақ ерлер арасындағы жарыста Кирилл Стадник те бақ сынады. Ол іріктеу кезеңінде жарысты аяқтады.

Айта кетейік, былтыр Темірлан Әбдраимов пен Людмила Яковлева Каирде (Мысыр) өткен Әлем кубогында аралас эстафетада күміс жүлдегер атанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или