Қазақстандық волейболшы Сербия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық волейболшы Сербия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Сербия чемпионатының плей-офф финалының бесінші матчында қазақстандық волейболшы Сана Анарқұлова өнер көрсететін «Уб» клубы сырт алаңда ВК «Железничармен» кездесті,  деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын «Железничардың» 3:0 (25:15, 28:26, 25:16) есебімен аяқталды. Осылайша, Анарқұлова өнер көрсететін команда 2024/25 жылғы Сербия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Айта кетейік, Сана Анарқұлова — Қазақстанның сегіз дүркін чемпионы, 2021 жылғы Азия клубтық чемпионатының жеңімпазы және 2010 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или