Қазақстан құрамасы хоккейден өтетін әлем чемпионатына дайындалуда

Қазақстан құрамасы хоккейден өтетін әлем чемпионатына дайындалуда

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Астанада Дания мен Швецияда өтетін әлем чемпионатына дайындығын одан әрі жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқу-жаттығу жиыны аясында құрама екіге бөлініп, жолдастық кездесу өткізді. Ойын барысында ақ және көк түсті жейдемен ойын көрсетті. 

Ақ жейделі команда құрамында қақпашы Кудрявцев, ойыншылар: Бекетаев, Данияр, Панюков, Лихотников, Әсетов, Бреус, Гайтамиров, Рымарев, Өмірбеков, Савицкий, Жүсіпбеков, Диханбек, Тютюньков,Ляпунов, Симонов, Своеволин мұзайдынға шықты.

Ал көк жейделі команда құрамында Әмірбеков қақпаны күзетсе, Орехов, Метальников, Михайлис, Шестаков, Волков, Александров, Михайлов, Қайыржан, Мұхаметов, Мұратов, Королев, Оразов, Оспанов, Чапоров, Колесников сынға түсті.

Негізгі кезең 1:1 есебімен тең аяқталды. Ойын соңындағы буллиттен ақ жейделілер жеңіске жетті. 

Әлем чемпионаты 9-25 мамыр аралығында Швеция мен Данияда өтеді. Қазақстандық хоккейшілер В тобында сынға түседі. Қарсыластары - Норвегия, Дания, Германия, Венгрия, Чехия, Швейцария және АҚШ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или