Әлем чемпионы өзін Жәнібек Әлімханұлынан жоғары қойды

Әлем чемпионы өзін Жәнібек Әлімханұлынан жоғары қойды

Орта салмақтағы WBC чемпионы доминикандық Карлос Адамес өз салмағының ең мықтысы санайтынын айтты, деп жазады Prosports.kz.

«Кейінгі бірнеше аптада өз салмағымдағы боксшылардың жекпе-жегін тамашалау мүмкіндігіне ие болдым және мен олардың бәрінен де жоғары тұрғаныма күмәнім жоқ. Қазіргі уақытта мен орта салмақтағы ең үздік боксшымын», - деп жазды Адамес әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, осы айда WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы чемпион қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жегін өткізді. 5 сәуірде ол Астанада франциялық Анауэль Нгамиссенгені нокаутқа түсіріп, титулын сәтті қорғады. Карлос Адамеске келсек, 22 ақпанда жекпе-жекке өткізіп, британиялық Хамза Ширазбен тең түскен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или