Қазақстандық теннисші Эсторилдегі турнирді сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Эсторилдегі (Португалия) Челленджер турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Іріктеудің жартылай финалында Евсеев үндістандық Манас Дхамнемен кездесіп, оны екі сетте – 6:0, 6:3 есебімен жеңді.
Кездесу 1 сағат 4 минутқа созылды.
Эсторилдегі турнирдің жүлде қоры 227 270 еуро. Жеңімпаз 34 900 еуро жинап, 175 рейтингтік ұпайға ие болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или