Қазақстандық теннисші Португалиядағы турнирді сәтті бастады
Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Португалияның Эшторил қаласында өтіп жатқан «Xелленджер» сериясындағы турнирді сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Іріктеу кезеңінің жартылай финалында Евсеев үндістандық Манас Дхамнені жеңді — 6:0, 6:3.
Матч 1 сағат 4 минутқа созылды.
Енді қазақстандық теннисші турнирдің негізгі кезеңіне өту үшін италиялық Джованни Фониомен кездеседі.
Эшторилдегі турнирдің жүлде қоры 227 270 еуроны құрайды. Турнир жеңімпазы 34 900 еуро табыс табады және 175 рейтингтік ұпай иеленеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или