Олег Болякин «Барысқа» қайта оралу жөнінде пікір білдірді

Олег Болякин «Барысқа» қайта оралу жөнінде пікір білдірді

Қазақстан құрамасының бас бапкері Олег Болякин астаналық «Барысқа» қайта оралуы жөніндегі қауесеттерге қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.

— Сіздің «Барысқа» қайта оралуыңыз мүмкін деген әңгімелер жүр. Бұл қаншалықты шындық?

— Мен бұл жайлы ештеңе айта алмаймын, себебі бұл тақырыпта менімен ешкім сөйлескен жоқ. Мен үшін «Барыс» тақырыбы жабық.

— Өз еркіңізбен қайтқыңыз келе ме?

— Менің қалауым ештеңені шешпейді. Мысалы, мен бір қаланың әкімі болғым келуі мүмкін ғой (күледі).Бірақ бәрін басшылық шешеді, олар ережені де, стратегияны да анықтайды.Мен бұған дейін де айтқанмын – қайда тағайындаса, сол жерде жұмыс істеймін. Қазір менің басты мақсатым – команданы сапалы дайындау. Осы себепті біз ойыншыларды шақырып, бапкерлік құрамды күшейттік.Мақсат – әлем чемпионатында жақсы нәтиже көрсету.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или