Қазақстандық гимнастшылар әлемдік додада қола медаль еншіледі

Қазақстандық гимнастшылар әлемдік додада қола медаль еншіледі

Өзбекстан астанасы Ташкентте көркем гимнастикадан әлем кубогының кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, шешуші жарыс күні Қазақстан құрамасы топтық сында 5 лента жаттығуында үздік үштікті түйіндеді. Команда сапында Жасмин Юнусбаева, Айзере Кенгес, Аида Хәкімжанова, Мадина Мырзабай мен Айзере Нұрмағамбетова өнер көрсетті.

Нәтижесінде Қытай 24.55 баллмен көш бастаса, Польша 23.00 баллмен екінші орын алды. Ал Қазақстан құрамасы 22.20 баллмен үздік үштікті түйіндеді. 

Жекелей сында Айбота Ертайқызы шығыршық жаттығуының финалында 4-орынға жайғасты.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или