«Жетісу» Азия чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды

Филиппинде әйелдер арасындағы волейболдан Азия чемпиондар лигасы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Финалда Қазақстан құрамасы вьетнамдық «Vtv Binh Dien Long An» клубымен кездесіп, 3:1 (25:14, 20:25, 25:23, 25:18) есебімен жеңіске жетті.
Бұл турнирде осыған дейін Қазақстаннан «Рахат» (Алматы), «Алтай» (Өскемен) және «Қуаныш» (Солтүстік Қазақстан) командалары топ жарған еді.
Енді талдықорғандық команда өз тарихында алғаш рет қыркүйекте Таиландта өтетін клубтық әлем чемпионатына қатысады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или