«Барселона» «Реалды» жеңіп, Испания кубогының жеңімпазы атанды!

Сәуірдің 26-сынан 27-сіне қараған түні Испания кубогының 2024/2025 жылғы маусымының финалы аясында «Барселона» мен «Реал Мадрид» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Командалар Севильядағы Олимпико де Севилья – Ла Картуя стадионында ойнады. Матчтың негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Қосымша уақыттың соңында каталондықтар Жюль Кунденің арқасында жеңісті жұлып алды.
Осылайша «Барселона» 2024/2025 жылғы Испания кубогының жеңімпазы атанды. Каталондықтар үшін бұл осы жарыс тарихындағы 32-ші жеңіс болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или