Дархан Скаков екі жылдық үзілістен кейін жарқын жеңіспен оралды

Қазақстандық ММА спортшысы Дархан «Oldboy» Скаков екі жылдық үзілістен кейін Alash Pride FC 107 турнирінде жеңіспен оралды. Шымкентте өткен жекпе-жекте ол Қырғызстан өкілі Султанбек Оразмаматпен кездесті.
57 келіге дейінгі салмақта өткен айқас тартысты өтті. Қарсыластар тордың ортасында бір-біріне аяусыз соққылар жасап, үшінші раундта екеуінің де мұрны сынғанына қарамастан, соңына дейін күресті.
Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті Дархан Скаковқа берді. Осылайша, ол төрт жеңілістен кейінгі жеңісіне қол жеткізіп, өз рекордын 6 жеңіс, 8 жеңіліске жақсартты. Ал Оразмаматтың көрсеткіші 8 жеңіс пен 15 жеңіліске жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или