«Астана» өз алаңында «Атыраудан» басым түсті

Премьер-лиганың алтыншы туры аясында «Астана» өз алаңында «Атырауды» қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
«Астана Аренада» өткен кездесуде алаң иелері бірінші таймда-ақ екі гол соқты. Екі рет мергендік танытқан — Чинеду Джеффри. Ол алдымен 2-минутта есеп ашса, алғашқы таймның қосымша минуттарында дубль жасады.
Екінші таймда «Атырау» таразы басын қысқартты. 67-минутта Мирам Сапанов гол соғып, есепті 2:1-ге жеткізді. Алайда қонақтар ойынды теңестіре алмады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или