Бақыт Құсақбаева дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бақыт Құсақбаева дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық спортшы Бақыт Құсақбаева дзюдодан Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спортшы 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынға ие болды.

Үшінші орын үшін белдесуде Құсақбаева Түрікменстан өкілі Майса Пардаеваны жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш қола медаль бар. Бұған дейін Ғалия Тынбаева (48 келіге дейін) мен Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) үшінші орын алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или