Танымал файтерлер UFC 318 турнирінде үшінші рет кездеседі

Жартылай жеңіл салмақтағы UFC-дің бұрынғы чемпионы Макс Холлоуэй мен жеңіл салмақтағы уақытша чемпион Дастин Порье үшінші рет кездеседі. Жекпе-жек 19 шілдеде АҚШ-тың Луизиана штатындағы Жаңа Орлеанда өтетін UFC 318 турнирінде ұйымдастырылады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Еске салайық, Холлоуэй мен Порье арасындағы алғашқы кездесу 2012 жылы ақпанда өткен болатын. Сол кезде Порье бірінші раундта қылқындыру әдісімен жеңіске жеткен еді. Ал екінші жекпе-жек 2019 жылы сәуірде өтіп, онда да Порье төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жеткен.
Порье кейінгі жекпе-жегін 2024 жылы маусымда өткізіп, бесінші раундта Ислам Махачевтан жеңілген. Ал Холлоуэй өзінің кейінгі кездесуінде үшінші раундта Илиа Топуриядан нокаутпен жеңілген еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или