Испания кубогының финалы: «Барселона» «Реалға» қарсы матчқа құрамын жариялады
26 сәуірде Испания кубогының финалдық матчы өтеді, онда «Барселона» мадридтік «Реалмен» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойын Астана уақытымен 01:00-де басталады.
Каталониялық клуб алдағы кездесуге арналған құрамын жариялады. Тізімде тізе жарақатынан кейін алғаш рет алаңға шығатын қақпашы Марк-Андре тер Штеген де енді. Ол соңғы рет алаңға 2024 жылы қыркүйегіке шыққан болатын.
Қақпашылар: тер Штеген, Щенсны, Пенья
Қорғаушылар: Кубарси, Араухо, Иньиго Мартинес, Кристенсен, Кунде, Эрик Гарсия, Форт, Жерар Мартин
Жартылай қорғаушылар: Гави, Педри, Пабло Торре, Фермин Лопес, Ольмо, де Йонг
Шабуылшылар: Ферран Торрес, Фати, Рафинья, Пау Виктор, Ямаль
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или