PGL турнир операторы алдағы төрт жылға арналған турнирлер күнтізбесін жариялады

PGL турнир операторы алдағы төрт жылға арналған турнирлер күнтізбесін жариялады

PGL турнир операторы 2025–2028 жылдарға арналған Dota 2-ден өтетін чемпионаттарының жаңартылған күнтізбесін ұсынды. Бұл кезеңде компания жалпы жүлде қоры 13 миллион АҚШ долларын құрайтын 13 турнир өткізуді жоспарлап отыр (әр турнирге 1 миллион доллардан), деп хабарлайды Prosports.kz.

Сонымен қатар ұйымдастырушылар PGL Wallachia турнирінің бесінші маусымын ертерек өткізуге шешім қабылдады – чемпионат 2025 жылдың 18–29 маусымы аралығында өтеді (бастапқыда қараша айына жоспарланған болатын). Ал алтыншы маусым 2025 жылы  4–16 қараша аралығында өтеді.

PGL 2026 жылы үш турнир, ал 2027 және 2028 жылдары төрт турнирден өткізуді жоспарлап отыр. Толық күнтізбе келесідей:

2025

  • PGL Wallachia Season 5 (18 – 29 маусым 2025)
  • PGL Wallachia Season 6 (4 – 16 қараша 2025)

2026

  • PGL Турнир №1 (3 – 16 наурыз 2026)
  • PGL Турнир №2 (14 – 26 сәуір 2026)
  • PGL Турнир №3 (3 – 15 қараша 2026)

2027

  • PGL Турнир №1 (2 – 14 наурыз 2027)
  • PGL Турнир №2 (11 – 23 мамыр 2027)
  • PGL Турнир №3 (19 – 31 қазан 2027)
  • PGL Турнир №4 (16 – 28 қараша 2027)

2028

  • PGL Турнир №1 (1 – 12 наурыз 2028)
  • PGL Турнир №2 (8 – 21 мамыр 2028)
  • PGL Турнир №3 (17 – 29 қазан 2028)
  • PGL Турнир №4 (7 – 19 қараша 2028)


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или