Рафаэль Физиевтің UFC турниріндегі жекпе-жегі ресми түрде жарияланды

Рафаэль Физиевтің UFC турниріндегі жекпе-жегі ресми түрде жарияланды

21 шілдеде Бакуде UFC турнирі өтеді, онда әзербайжандық файтер Рафаэль Физиев чилилік Игнасио Бохамондеспен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Физиев октагонға кейінгі рет 9 наурыз күні Лас-Вегаста шыққан. Ол кезде әзербайжандық спортшы UFC-дің уақытша бұрынғы чемпионы Джастин Гэтжиден төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіліп қалған болатын.

Ал оның қарсыласы Бохамондес үш жеңістен тұратын сериямен келе жатыр. Жалпы ММА-де ол 22 жекпе-жек өткізіп, 17 рет (12-нокаутпен) жеңіске жетіп, 5 рет жеңілген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или