Арбадағы теннистен Қазақстан кубогының жеңімпаздары анықталды
Ақтау қаласында тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар арасында арбадағы теннистен Қазақстан кубогы мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Турнирге Қазақстанның Ақтау, Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Шымкент және Қызылорда қалаларынан мықты спортшылар жиналды.
Төрт күнге созылған жарыс барысында қатысушылар ерлер мен әйелдер арасында жекелей сында, микс және жалпыкомандалық есепте сынға түсті.
Кубоктың жеңімпаз-жүлдегерлері:
Ерлер
- 1.Дастан Ниязов (Ақтобе),
- 2.Ердәулет Қадымбергенов (Ақтобе),
- 3.Дінмұхамет Алиякпаров (Астана).
Әйелдер
- 1.Айжан Бітімбаева (Қарағанды),
- 2.Айшуақ Жетпісова (Қарағанды),
- 3.Жанат Үмітқұлова (Ақтобе).
Микст
- 1.Дінмұхамет Алиякпаров - София Степанова (Астана),
- 2. Айжан Бітімбаева - Фёдор Старыгин (Қарағанды),
- 3.Бауыржан Құлынов - Сая Абашова (Қызылорда).
Жалпыкомандалық есеп:
- 1.Қарағанды облысы,
- 2.Ақтөбе облысы,
- 3.Астана қаласы.
Жарыс Қазақстанда арбадағы теннистің дамып келе жатқандығын көрсетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или