Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші қола түсті

Шерзод Давлатов Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші жүлдені салды, деп хабарлайды Prosports.kz
Дзюдодан Ұлттық құрама спортшысы Шерзод Давлатов Бангкокта өтіп жатқан Азия чемпионатында 3-орын алды.
Ол кіші финалда өзбек палуаны Бахром Батуровтың жауырынын жерге тигізді.
Бұл Шерзодтың ересектер арасындағы құрлық чемпионатында қол жеткізген алғашқы медалі. Ол осыған дейін кадеттер арасында 2 рет чемпион атанған.
Ал, Нұраділ Әлжан қола медаль үшін белдесуде тәжікстандық Мухаммадсалех Куватовқа есе жіберді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или