Азия чемпионаты: Төрт дзюдошымыз қолаға таласады

Азия чемпионаты: Төрт дзюдошымыз қолаға таласады

Таиланд астанасы Бангкокте дзюдодан Азия чемпионатында қазақстандық төрт балуан қола жүлдеге таласады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Ел құрамасынан 60 келі салмақта Нұрәділ Әлжан тәжікстандық Мухаммадсолех Куватов, Шерзод Давлатов өзбекстандық Бахром Ботуровпен шеберлік байқасады.

Ал 66 келіде Ержан Еренғайыпов Азия чемпионатының қола жүлдесін тәжікстандық Нурали Эмомалимен сарапқа салса, әйелдер құрамасынан 48 келіде жұбаныш финалында Ғалия Тынбаева тайпейлік Чен Хао Линмен белдеседі.

Айта кетсек, құрлықтық доданың финалдық кезеңі Астана уақытымен сағат 15:00-де басталады.

Айта кетсек, Диана Буркеева (48 келі), Толғанай Әбеуова (52 келі) жарыс жолынан шығып қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или