Ғалия Тынбаева Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

Ғалия Тынбаева Бангкоктағы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Таиланд астанасы Бангкокта басталған дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті.
Ғалия Тынбаева (-48 кг) қола медаль үшін белдесуде Токио Олимпиадасының қатысушысы Линь Чэнь-Хаоны (Тайпей) жеңді.
Айта кетейік, Тынбаева биылғы чемпионатты 2-айналымнан бастап, Вьетнам және Таиланд дзюдошысын жықты. Ал жартылай финалда жапон спортшысына жол берді.
Алда әлі 3 отандасымыз - Шерзод Давлатов, Нұрәділ Әлжан мен Ержан Еренқайыпов қола жүлдеге таласады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или