Лионель Месси командасымен бірге Чемпиондар кубогында жеңіліс құшты

Лионель Месси командасымен бірге Чемпиондар кубогында жеңіліс құшты

КОНКАКАФ Чемпиондар кубогының бірінші жартылай финалдық ойыны аяқталды, онда «Ванкувер» өз алаңында «Интер Майамиді» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу Ванкуверде (Канада) BC Place стадионында өтіп, алаң иелерінің 2:0 есебімен жеңісімен аяқталды.

Жеңімпаз команданың голдарын шабуылшы Брайан Уайт пен жартылай қорғаушы Себастьян Берхальтер соқты.

Айта кетейік, «Барселонаның» бұрынғы футболшылары, қазір «Интер Майами» намысын қорғайтынЛуис Суарес, Лионель Месси, Хорди Альба және Серхио Бускетс толық матчты алаңда өткізді.

Командалар арасындағы қарымта кездесу 1 мамыр, бейсенбі күні өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или