Винисиус қала ма, жоқ па? Роналду мен Сауд Арабиясының не қатысы бар?

Винисиус қала ма, жоқ па? Роналду мен Сауд Арабиясының не қатысы бар?

Винисиус Жуниор «Реал Мадридпен» жаңа келісімшарт бойынша келісе алмай жүр, ал үздік инсайдерлер келіссөз ілгерілеп жатыр деп жазған еді. Қазір мадридтік команданың жұлдызы жайында әртүрлі ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

2022 жылы бразилиялық футболшы 2027 жылға дейін келісімшартқа отырған болатын.

Сауд Арабиясына ауысу туралы жаңа сериал созыла ма?

Винисиус «Реалда» қалғысы келеді, бірақ Роналдудың жалақысындай айлық сұрап отыр. Винисиустың келісімін бірінші болып Marca газетінің Мадридке жауапты сенімді инсайдері Хосе Феликс Диас жазды. Кейін бұл ақпаратты Маттео Моретто мен Фабрицио Романо да растады. Барлығы келісті: ойыншы «Мадридте» қалатыны анық, тек соңғы детальдарды келісу қажет.

Кейінірек бұл инсайдты тағы бір сенімді журналист Ману Карреньо да растады.

Тіпті келісімшарттың кейбір детальдары да белгілі болды: 2029 немесе 2030 жылдың маусымына дейін, жалақы өседі – нақты сандар айтылмады. Инсайдер Рамон Альварестің жазуынша, Винисиустың жалақысы 20–22 млн еуродан (салықсыз) аспайды. Бірақ ақпанда The Athletic бразилиялық футболшы тарихи келісімшартқа қол қойғысы келетінін, бұл «Мадрид» тарихындағы ең үлкен келісімдердің бірі болатынын жазды.


Винисиус Криштиану Роналду деңгейіндегі жалақы алғысы келеді – жылына барлық бонуспен 30 млн еуро шамасында. Бұл – Килиан Мбаппенің деңгейі. «Мадрид» мұндай шарттарға дайын емес, бірақ келісімшартты ертерек ұзарту керек екенін түсінеді – әйтпесе Жуниордың өкілдері тиімді позицияға шығып, одан да көп талап етуі мүмкін.

Винисиустың өзі ақпанда: «Жаңа келісімшарт туралы келіссөзді жақын арада аяқтаймын және ұзақ уақытқа қаламын. Мен әрдайым «Мадридте» ойнағым келетінін айтқанмын» деген еді.

Сауд Арабиясы ма? Мадрид пе?

Винисиус Сауд Арабиясына ауысу туралы ойлана бастағандай. 24 сәуірде The Athletic журналисі Марио Кортегана ақпарат бөлісті. Оның айтуынша, Винисиусты Сауд Арабиясынан түскен ұсыныс шынымен қызықтырған.

Кортегана – «Реалға» қатысты ең сенімді инсайдерлердің бірі, Мбаппе жайлы да нақты ақпарат берген. Трент Александер-Арнолд туралы келісімді де алғашқылардың бірі болып растаған. Сондықтан оның ақпарына сеніммен қарауға болады.


Кортегана жазғандай, осы маусымда Винисиус өз әңгімесінде Сауд Арабиясында ойнау мүмкіндігі өзіне ұнайтынын айтқан. «Реал» ойыншылары мен қызметкерлері бұл ұсыныстан бас тарту мүмкін емес екенін мойындаған. Осыған байланысты Винисиустың клубтан кетуі мүмкін деген пікір қалыптасқан.

Бразилиялықтың айналасындағы адамдар «Реалмен» келісімшарт бойынша мәміле жоқ екенін айтады. Олар бұл «Мадридтің» қолында екенін, бірақ келісім әлі алыс екенін жеткізді. Винисиус бұл жағдайға сабырмен қарап отыр. 

Сауд Арабиясы Винисиуске бес жылға 1 млрд еуро ұсынды

Сауд Арабиясы Винисиусты алғысы келетіні жайлы алғаш жазған да – Марио Кортегана. Ол жұлдыз ойыншының айналасымен Сауд Арабиясының Мемлекеттік инвестициялық қорының делегациясы байланысқа шыққанын хабарлады. Олар Винисиусты 2034 жылғы әлем чемпионаты қарсаңында ұлттық чемпионаттың басты тұлғасы ретінде көргісі келеді.

Кейін бразилиялық O Globo бұл ақпаратты нақтылап, мынадай мәліметтер берді:

● Винисиусты «Әл-Ахли» күтіп отыр – бұл команда қазір Сауд Арабиясы чемпионатында төртінші орында. Құрамында Айван Тоуни, Эдуар Менди, Габриэль Вейга, Рияд Марез және Франк Кессиэ ойнап жүр.

● 24 жастағы «Мадрид» жұлдызына бес жылдық келісімшарт дайындалған, оған сәйкес ол 1 млрд еуро табатын еді. Мұндай келісімдер спорт тарихында бұрын болмаған.

Сол кезде The Athletic журналисі Кортегана: ойыншы бұл ұсыныстан сыпайы түрде бас тартқанын және «Реалда» өте бақытты екенін жазды. Ол «Алтын допты» ұтып алғысы келеді.

Бірақ қазір жағдай өзгерген сияқты...

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или