UFC Махачевті чемпиондық титулынан айыруы мүмкін

UFC Махачевті чемпиондық титулынан айыруы мүмкін

Ресейлік файтер, жеңіл салмақта UFC чемпионы Ислам Махачев чемпиондық белбеуінен айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жағдай Махачев испан файтері Илия Топуриямен жекпе-жекке шығудан бас тартқан жағдайда жүзеге аспақ.

Наурыз айында Махачев Топуриямен октагонға шығуға әлі келісім бермегені туралы ақпарат тараған. Себебі ол Топурия «чемпиондық жекпе-жекке лайық болуы керек» деп есептейді. Егер Махачев жекпе-жектен бас тартса, UFC оны чемпиондық атағынан айырады, ал Топурия бразилиялық Чарльз Оливейрамен кездесуге мүмкіндік алады.

19 қаңтар күні Лос-Анджелесте өткен UFC 311 турнирінің басты жекпе-жегінде Махачев бразилиялық Ренато Мойканоны жеңіп, чемпиондық белбеуін төртінші рет қорғап шыққан еді. Жекпе-жектің орта тұсында Махачев қарсыласын партерге түсіріп, берілуге мәжбүрледі. Бастапқыда Махачев Арман Царукянмен айқасуы тиіс болған. Алайда 17 қаңтарда Царукян жекпе-жектен бас тартты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или